AKTOBE COLLEGE OF TRANSPORT,
COMMUNICATIONS AND NEW TECHNOLOGIES
“Мөңке бидің өмірі мен шығармашылық қырлары” атты тағылымды дөңгелек үстел өтті
Бүгін Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінде Тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақ халқының біртуар тұлғасы, әділ би, көреген жырау, ел тағдырын ойлаған қайраткер — Мөңке би Тілеуұлының 350 жылдығына орай рухани мұрасын насихаттауға арналған танымдық дөңгелек үстел өтті.
Шараның басты мақсаты – студент жастарға ұлттық тарихымыз бен әдебиетімізді терең таныстырып, елдік пен бірлікке, әділдік пен адамгершілікке тәрбиелеу болды.
Қонағымыз – Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Мемлекеттік қызмет ардагері Қанатпай Елеусізұлы, Мөңке би бабамыздың көрегендігі мен даналық сөздеріне тоқталып, жастарға өнегелі ой тастады.
Дөңгелек үстел барысында студенттеріміз баба өмірінен сыр шертіп, рухани құндылықтардың мәнін ұғынды.
Сонымен қатар, Мөңке би Тілеуұлының шығармашылығына арналған кітаптар көрмесі де ұйымдастырылып, жастардың тарихи танымын кеңейтуге үлес қосты.
“Ел болам десең — бесігіңді түзе” деген ұлы ұстанымды ұлықтай отырып, жас ұрпақты өнеге мен өрлікке жетелейтін шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек!
“Адалдық сағаты” өткізілді.
22.04.2025 ж.Э-22 тобында бірыңғай “Адалдық сағаты” өткізілді. Негізгі мақсаты: жалпыадамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға тұлғаларды тәрбиелеу. Топ жетекшісі: Сахитова М. А
№27 орта мектеп-лицейіне кәсіптік бағдар беру бойынша 9 сынып оқушыларына үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, оқушыларға колледжде оқытылатын мамандықтар, олардың маңызы, артықшылықтары бойынша ақпараттар беріліп, буклеттер таратылды.
Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің арнайы пән оқытушылары Жилкишина С.К; Абдуллина Д.Ш; Максутова Г.Е; Батанова А.Т №27 орта мектеп-лицейіне кәсіптік бағдар беру бойынша 9 сынып оқушыларына үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, оқушыларға колледжде оқытылатын мамандықтар, олардың маңызы, артықшылықтары бойынша ақпараттар беріліп, буклеттер таратылды.
Honorary workers of Education of the Republic of Kazakhstan
Information and analytical analysis
The best students







