AKTOBE COLLEGE OF TRANSPORT,
COMMUNICATIONS AND NEW TECHNOLOGIES
КОЛЛЕДЖ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін, 2025 жылы 28 наурыз күні колледж білім алушылары кітапханашы Ж.М. Битимбаеваның жетекшілігімен Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Дін-діңгегіміз, дәстүр-даналығымыз» тақырыбында өткізілген сұқбат алаңына қатысты.
Шара қонағы «Аңсар» орталығының теолог маманы Сапар Саматұлы Саматов қазақтың ұлт ретінде сақталуы әрі рухани жаңғыруы, келешек ұрпақ тәрбиесінің түзелуі -дін мен дәстүрді тең ұстаған жағдайда ғана жүзеге асатынын, жастайынан рухани тұрғыдан мол байлық жинап өскен адам үлкен қызметке келген кезде әділетсіздікке, парақорлыққа ешқашан жол бермейтіндігін жеткізді.
Оқырмандар назарына «Дін тәрбиенің рухани тірегі» атты кітап көрмесі ұсынылып, ислам дінінің құндылығын көрсететін «Иман негіздері», «Ислам мәдениеті», М. Бұлұтайдың «Дін және ұлт», Марфуға Шапиянның «Тұлғалар өміріндегі ислам» және Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Шаһкәрім Құдайбердіұлы, Абай сияқты көрнекті ақындардың, ғұлама ойшылдардың кітаптары арқылы терең түсінік берілді.
ТАЗА БЕЙСЕНБІ
“Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында № 2 жатақхана ғимаратының аумағында «Таза Сенбілік» тұжырымдамасына сәйкес абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді.
Honorary workers of Education of the Republic of Kazakhstan
Information and analytical analysis
The best students







