On/Off images Font A A A Background Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN
МЕНЮ

Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі қалалық №22, №33 орта мектептердің оқушыларына “Қазақстан темір жолы ҰК” АҚ Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі филиалына экскурсия ұйымдастырды. Шара барысында қатысушылар теміржол саласының кәсіптері туралы толық мағлұмат алып, филиалдың материалдық-техникалық базасымен танысты. Сонымен бірге филиал мамандары заманауи инфрақұрылым, техникалық жарақтандыру және теміржолдағы қауіпсіздік туралы бейнероликтерді көрсетті. Бұл материалдар оқушыларға теміржол саласының қалай дамып жатқандығын, қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін арттыру үшін қандай инновациялар енгізілуде екендігін түсінуге мүмкіндік береді. Филиал басшысы С.А.Орынбаев өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, теміржол саласына байланысты мамандықтардың артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы түсіндірді. Колледж директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары А.С.Бөрібаев білім беру бағдарламалары, ҚТЖ филиалдарымен ынтымақтастығы туралы айтып, оқу орны түлектерін ҚТЖ кәсіпорындарында практикалық даярлау мен жұмысқа орналастырудың маңыздылығын атап өтті. Шара соңында мектеп оқушыларына мамандықтар, білім беру бағдарламалары және колледж байланыс деректері туралы ақпараттық материалдар табыс етілді.

Honorary workers of Education of the Republic of Kazakhstan

Information and analytical analysis

The best students

Who is on the site

We have 261 guests and no members online

статистика

Users
3
Articles
493
Articles View Hits
408211

Copyright

Copyright © 2025 AKTOBE COLLEGE OF TRANSPORT, COMMUNICATIONS AND NEW TECHNOLOGIES. All Rights Reserved.
Joomla! is Free Software released under the GNU General Public License.
© 2025 AKTOBE COLLEGE OF TRANSPORT, COMMUNICATIONS AND NEW TECHNOLOGIES
website author: Idrissov K.ZH.