On/Off images Font A A A Background Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN
МЕНЮ

"Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында 2025 жылдың 10 сәуірінде "Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі" МКҚК базасында қалалық мектеп оқушылары арасында JuniorSkills-2025 кәсіби шеберлік байқауы ұйымдастырылды. Байқау "Электроника","Ақпараттық кабельдік желілер", "Электромонтаж" құзыреттіліктері бойынша өтті:
Конкурстың негізгі міндеттері: - оқушылардың кәсіби шеберлігін арттыру; - таңдаған құзыреттілігі бойынша үздік оқушыларды анықтау және ынталандыру; - техникалық және кәсіптік білім берудің маңыздылығы мен беделін арттыру. Байқауға Ақтөбе қаласының жалпы білім беретін №42, №33, №8, №22 мектептерінен 15 оқушы қатысты.
Сайыскерлерді қолдауға келген 150-ге жуық мектеп оқушылары үшін колледж фойесінде студенттердің нақты жобаларының көрмесі ұйымдастырылып, экскурсия өткізіліп, "құзыреттілік орталығының" жұмысы және колледждің материалдық-техникалық базасымен таныстырылды. "Вагонсервис" АҚ кадрлар бөлімінің бастығы Таутурмашев Е.С., АҚ"Қазақтелеком." оқыту бөлімінің техникалық тәлімгері Б.А. Аятоллин қонақ дәрісін өткізді.
"Junior Skills - 2025" жеңімпаздарын марапаттау салтанатына мектеп директорлары Жақсыбаева Айсұлу Берікқызы, Ниеталина Эльмира Бақытжанқызы, Куштаев Асқар Төлебайұлы, Касымов Жандос Куанышевич қатысты.
Конкурс қорытындысына келсек: "Электроника"құзыреттілігі бойынша:
1 орын-Түрікпен Алихан Мұқанұлы (№42 ОМ)
2 орын-Нургалиев Аббас Нурболатович (№22 ОМ)
3 орын – Березовский Сергей Николаевич (№22 ОМ);
"Электромонтаж" құзыреттілігі бойынша:
1 орын – Дүйсенбаев Жанибек (№СШ-22)
2 орын – Орынгалиев Медет Кылышбайұлы (№СШ-8)
3 орын – Жусупова Наргиза Маратовна (№СШ-42)
"Ақпараттық кабельдік желілер" құзыреттілігі бойынша,
1 орын – Ғани Мадияр Жансерікұлы (№СШ-42)
2 орын – Сақтапбергенов Жанатбек Қонысханұлы (№СШ-8)
3 орын – Суюн Ибраhим Чоканұлы (№СШ-22)
Конкурстың басқа қатысушылары белсенді қатысқаны үшін сертификаттармен және конкурсты ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Honorary workers of Education of the Republic of Kazakhstan

Information and analytical analysis

The best students

Who is on the site

We have 260 guests and no members online

статистика

Users
3
Articles
493
Articles View Hits
408211

Copyright

Copyright © 2025 AKTOBE COLLEGE OF TRANSPORT, COMMUNICATIONS AND NEW TECHNOLOGIES. All Rights Reserved.
Joomla! is Free Software released under the GNU General Public License.
© 2025 AKTOBE COLLEGE OF TRANSPORT, COMMUNICATIONS AND NEW TECHNOLOGIES
website author: Idrissov K.ZH.