Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің салтанат залында колледжіміздің қадірлі ардагер ұстазы, орыс тілі мен әдебиетінің білікті маманы, педагогикалық салада ұзақ жыл қызмет еткен Әуесбаева Гүлбарам Сүлейменқызының 80 жылдық мерейтойына арналған : “Ұлағатты ұстаз – білім мен тәрбиенің қайнар көзі” тақырыбындағы кездесу кеші өткізілді.
Тағылымды кешке арнайы шақырылған қонақтар білім саласы ардагерлері кеңесінің төрағасы Кенжеғазы Байғазин, орынбасары, колледждің 1978 жылғы түлегі, білім саласының ардагері Салық Сарқұлов, ардагер ұстаз Мынауара Габдсаттарова колледждегі әріптестерімен бірге Гүлбарам Сүлейменқызын мерейлі жасымен құттықтап игі тілектерін арнады.
Алдымен колледж мұражайын аралап, деректермен бұрынғы бірге қызмет еткен әріптестерінің фото суреттерін тамашалап, тілек кітабына қолтаңбасын қалдырды.
Колледж салтанат залында жалғасқан кездесу кешінде еңбек, өмір жолынан сыр шерткен Гүлбарам Сүлейменқызы мерейтойына арнап тағылымды кездесу кешін ұйымдастырған колледж басшылығымен ұжымға, алғысын білдіріп, білім алушыларға батасын берді.
Кеш соңында жас өнерпаздар ардагер ұстаға әсем әуенді әндерін арнап, естелік суретке түсті.
AKTOBE COLLEGE OF TRANSPORT,
COMMUNICATIONS AND NEW TECHNOLOGIES
МЕНЮ
“Ұлағатты ұстаз – білім мен тәрбиенің қайнар көзі” тақырыбындағы кездесу кеші өткізілді
Honorary workers of Education of the Republic of Kazakhstan
Information and analytical analysis
The best students
website author: Idrissov K.ZH.







