On/Off images Font A A A Background Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN
МЕНЮ

Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінде өткен жыл сайынғы дәстүрлі «Директор кубогі-2025» спорттық сайысы биылда ерекше жаңалықтармен өтті.
Мемлекет басшысының халыққа арнаған жолдауында айтылған салауатты өмір салтын қалыптастыру тапсырмасына сәйкес, колледж педагогтері арасында спортқа деген қызығушылықты оятып, бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған сайыс волейбол, тоғыз құмалақ және үстел теннисі ойындары бойынша «Жылжымалы құрам және коммуникация», «Әкімшілік», «Тасымалды ұйымдастыру және автоматика», «Автоматтандыру және робототехника», «Байланыс және электротехника» бөлімдерінің спорттық командалары арасында тартысты бәсекелер болды!
Екі күнге созылған сайыс нәтижесінде жалпы командалық есеп бойынша жеңімпаздар:
I-орынды және директор кубогін Автоматтандыру және робототехника бөлімі,
II-орынды «Жылжымалы құрам және коммуникация» бөлімі,
III-орынды «Байланыс және электротехника» бөлімінің командалары иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, арнайы номинациялар бойынша кубок,колледж басшысының алғыс хаттары және ақшалай сыйлықтар мен марапатталды!
Колледж қызметкерлері арасында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған осындай шаралар біздің денсаулығымызды нығайтып, бірлігімізді арттырады!
Қатысқан барлық командаларға ризашылығымызды білдіреміз, келесі сайыстарда да жеңіс тілейміз!

Honorary workers of Education of the Republic of Kazakhstan

Information and analytical analysis

The best students

Who is on the site

We have 235 guests and no members online

статистика

Users
3
Articles
493
Articles View Hits
408175

Copyright

Copyright © 2025 AKTOBE COLLEGE OF TRANSPORT, COMMUNICATIONS AND NEW TECHNOLOGIES. All Rights Reserved.
Joomla! is Free Software released under the GNU General Public License.
© 2025 AKTOBE COLLEGE OF TRANSPORT, COMMUNICATIONS AND NEW TECHNOLOGIES
website author: Idrissov K.ZH.