АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ағымдағы жылдың 17 ақпаны күні Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің директоры Е.Ғ.Нұрғалиев пен Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің басшысы А.Д.Дауленбаев өзара ынтымақтастықты дамытуға бағытталған меморандумға қол қойды. Меморандумның мақсаты кадрлар даярлауда кәсіби білім беруді дамыту және тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды іске асыру болып табылады. Шара барысында келген қонақтарға колледждің материалдық-техникалық базасы көрсетіліп, мамандықтар саласында қолданылатын заманауи технологиялар таныстырылды.
Президент Касым-Жомарт Токаев объявил 2025 год «Годом рабочих профессий». В рамках Года рабочих профессий 17 февраля текущего года директор Актюбинского колледжа транспорта, связи и новых технологий Нургалиев Е.Г. и руководитель образовательного учреждения “Байконурский высший колледж имени академика С.А.Джиенкулова” Дауленбаев А.Д. подписали меморандум, направленный на развитие взаимного сотрудничества. Целью меморандума является развитие профессионального образования и обмен опытом в подготовке кадров, реализация совместных проектов. В ходе мероприятия гостям была продемонстрирована материально-техническая база колледжа, презентованы современные технологии применяемые в сфере специальностей.
“Жұмысшы мамандықтар қаласы” фестивалі.
Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі Астана қаласында “EXPO Халықаралық көрме орлығының” алаңында 11-15 ақпан күндер аралығында өтіп жатқан “Жұмысшы мамандықтар қаласы” фестиваліне “ Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы” мамандығы бойынша қатысуда.
“Жұмысшы мамандықтар қаласы “ фестивалін өткізу мақсаты: еңбек адамының маңыздылығын арттыру және жұмысшы мамандықтарды танымал ету.
АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІНДЕ БАСКЕТБОЛДАН БӨЛІМ АРАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Тәрбие жұмысы бөлімі және дене шынықтыру пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауғанстан шекарасынан шығуына 36 жыл толуына орай, колледжімізде Баскетболдан бөлім білім алушылары арасында жарыс өтті.
Салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды спортқа қызықтыру мақсатында өткізілген сайыс өте тартысты болды.
Жарыс нәтижелері:
I ️орын – «Байланыс және электротехника» бөлімі командасы,
II орын – «Автоматтандыру және робототехника» бөлімі командасы,
III орын – «Жылжымалы құрам және коммуникация» бөлімі командасы,
IV орын «Тасымалды ұйымдастыру және автоматика» бөлімі командасы.
Жеңімпаздар колледж басшысының алғыс хатымен және арнайы медальдармен марапатталды!
Спорт – салауатты өмірдің кепілі!
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері




Ақпараттық - аналитикалық талдау







Үздік студенттер






