АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
Білім алушылар арасында қызықты және танымды брейн-ринг интеллектуалды ойыны өтті!
📚 Бүгін, 18.02.2025 ж., Колледж кітапханасының оқырман залында білім алушылар арасында қызықты және танымды брейн-ринг интеллектуалды ойыны өтті!
Ойынның тақырыбы “Заңды білу -басты парызымыз”. Бұл іс-шара тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен өтіп, жастарға заңды білім алу мен оны өмірде қолданудың маңыздылығын ұғындыруды мақсат етті.
💡 Ойын нәтижелері бойынша: 🏆 I орынды -РЭТ-11 тобы, II орынды - АСУ-11 тобы, III орынды -Т-11 тобы, IV орынды -Э-11 тобы иеленді!
Қатысушыларға үлкен алғыс білдіреміз және алдағы уақытта да осындай қызықты әрі пайдалы шараларда бірге боламыз!
Mамандықтар апталығы «Қазақстанның темір жол көлігіндегі технологиялық инновациялар: тиімділік пен қауіпсіздікке Жаңа жол» тақырыбында техникалық конференциясы және «Теміржолшы – тапқырлар» викторинасымен жалғасты.
Техникалық конференцияда арнайы пән оқытушылары Бондаренко Н.Ю., Ахметова Г.Т., Айчанова Д.А. өз баяндамаларымен бөлісіп, темір жол саласындағы жаңа инновациялар мен технологиялар туралы ақпараттар жеткізді. Техникалық конференция қонақтары Жұбанов Н.Е. – ПҚБО поезд диспетчері, Абдуллаев Ж.М. - Ақтөбе вокзалының ақпараттық жүйелер электромеханигі өз салаларындағы жаңа инновациялар таныстырып ақпарат берді. Студенттердің білімін, іскерлігі мен дағдыларын жандандыру, білімді кеңейту және жетілдіру мақсатында арнайы пән оқытушылары Тажбаева Г.А., Аменова Г.О. студенттермен викторина өткізіп, керемет көңіл күй сыйлады.
“Цифрлық технологиялар мен инновациялар дәуіріндегі теміржол көлігі мамандықтары апталығы
“Цифрлық технологиялар мен инновациялар дәуіріндегі теміржол көлігі мамандықтары апталығымыздың аясында 📌 Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы, қазақ әдебиетінің кемеңгер тұлғасы, ақын, жазушы, қоғам қайраткері Қадыр Мырза Әліге 90жыл толуына орай кітапхана меңгерушісі Жолдасова Г. Н.
В- 11 және СЖД - 11 топ жетекшілері Кушербаева А.Б және Жалғасбаева Ш.А және топ студенттері бірігіп «Қадыр Мырза Әлі - қазақ поэзиясының пырағы» атты әдеби - сазды кеші ұйымдастырылды.
📚 Әдеби-сазды кештің мақсаты: Студенттерді рухани дамытушылыққа, ізденіске ,Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерін жатқа білуге тәрбиелеу.
📌 Қадыр атамыздың өмірден өткеніне біраз уақыт болса да, оның мәңгілік өлмейтін өмірі енді ғана басталды. Қазақ бар да Қадыр бар. Оның асыл сөздері өз дәуірінің және болашақтың үніне айналды.
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері




Ақпараттық - аналитикалық талдау







Үздік студенттер






