АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында облыста 24 ақпан күні екі күнге жоспарланған «Еңбек адамы-елдің байлығы» кәсіби ашық алаңы өтті.
Кәсіптік білім беру ұйымдары мен кәсіпорындардың қатысуымен өткізілген іс-шарада Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі теміржол аймағы бойынша алаң ұйымдастырды. Кәсіби ашық алаңда теміржол саласына қажетті заманауи технологиялар ұсынылды. Бұл құралдар пойыз қозғалысын басқару, байланыс жүйелерін жетілдіру, геодезиялық өлшеулер жүргізу және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету сияқты маңызды процестерді меңгеруге мүмкіндік береді. Қатысушылар диспетчерлік басқару, оптикалық жүйелерді дәнекерлеу және техникалық өлшеу жұмыстарын тәжірибе жүзінде көріп танысты. Кәсіби ашық алаң жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған. В рамках Года рабочих профессий в области 24 февраля прошла профессиональная открытая площадка «Человек труда-богатство страны», запланированная на два дня. На мероприятии с участием предприятий и организаций профессионального образования Актюбинский колледж транспорта, связи и новых технологий организовал площадку по железнодорожной зоне. На профессиональной открытой площадке были представлены современные технологии, необходимые для железнодорожной отрасли. Эти оборудования позволяют освоить такие важные процессы, как управление движением поездов, совершенствование систем связи, проведение геодезических измерений и обеспечение мер безопасности. Участники ознакомились с работой диспетчерского управления, сварки оптических систем и технических измерений. Профессиональная открытая площадка направлена на повышение значимости рабочих специальностей, привлечение молодежи в эту сферу и подготовку квалифицированных кадров по востребованным на рынке труда специальностям.
Жастардың қоғамдық қызметі: Мүмкіндіктер мен жауапкершілік»
Жастардың қоғамдық қызметі: Мүмкіндіктер мен жауапкершілік»
⚖️ Құқық бұзушылықтың алдын алу, буллингпен күресу және жастардың қауіпсіз ортада дамуына бағытталған кеш өтті!
Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі «Тасымалды ұйымдастыру және автоматика» бөлімінің ұйымдастыруымен өткен бұл шарада жастардың қоғамдық қызметі, жауапкершілігі мен құқық бұзушылықты болдырмау мәселелері талқыланды.
Кешіміздің мақсаты — жастарға дұрыс бағыт көрсету, құқықтық сауаттылықтарын арттыру және колледжімізде қауіпсіз орта қалыптастыру.
🔑 Спикерлер:
1. Артыгалин Самғат Жанболатұлы – Облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы
2. Тыныштық Алишер Өнерұлы – «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы
3. Әзиев Артур Ізіметұлы – Ақтөбе облысының жасыл ел жастақтары төрағасының орынбасары
Спикерлер жастарды сапалы білім алып, кәсіби маман болуға, құқық бұзушылықтан аулақ болып, еліміздің болашағын бірге құруға шақырды.
Кеш қонақтары колледжіміздің техникалық базасымен танысып, пән оқытушыларымен пікір алмасып, жастар саясаты бойынша бірлесе атқарылатын жұмыстар туралы әңгімелесті.
Әрбір жас — біздің болашағымыз, ал олардың жауапкершілігі мен білімдері ел дамуының кепілі!
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері




Ақпараттық - аналитикалық талдау







Үздік студенттер






