АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНДЕГІ ӘРІПТЕСТЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
2025 жылдың 28 ақпанында колледжіміздің конференц-залында 1 наурыз — Алғыс айту күні мерекесіне орай, білім ордамыздың жарық, жылы, таза әрі әдемі болуына өз үлестерін қосып жүрген шаруашылық бөліміндегі әріптестерімізге құрмет көрсетілді.
Тәрбие жұмысы бөлімі мен кәсіподақ ұйымының ұйтқы болуымен ұйымдастырылған іс-шарада дастархан жайылып, демеушілер тарапынан арнайы сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.
🎶Музыка жетекшісі Н. Абдуалиев пен өнерпаз студенттеріміздің мерекелік концерті және психолог-педагогтар ұйымдастырған қызықты ойындар, әріптестерімізге ерекше көңіл күй сыйлады.
Әрқашан жан-жақты көмек көрсетіп, еңбек етіп жүрген кіші қызметкерлерімізге шексіз алғысымызды білдіреміз!
“Тартуға арналған жылжымалы құрамды жөндеуші слесарь” құзыреттілігі бойынша колледж ішілік іріктеу
“Цифрлық технологиялар мен инновациялар дәуіріндегі теміржол мамандықтары” тақырыбындағы “Жылжымалы құрам” бірлестігінің апталығы аясында “Тартуға арналған жылжымалы құрамды жөндеуші слесарь” құзыреттілігі бойынша колледж ішілік іріктеу Worldskills - 2025” чемпионаты 26 ақпан күні өтті. Жауапты оқытушы: Бердыгалиев Серик Есбергенович
Негізгі мақсаты: жас мамандарды кәсіби дағдылар мен біліктіліктерін арттыру, оларға әлемдік стандарттарға сай келетін тәжірибе алу мүмкіндігін беру.
Сайыс тест тапсыру, жеке тапсырмалар, практикалық тапсырмаларды орындау кезеңдерінен тұрды.
Кәсіби шеберлік байқауы-бұл кәсіптік даярлық деңгейін арттыру, мамандықты дамыту және танымал ету мақсатында өткізілетін сабақтан тыс жұмыстың ең прогрессивті түрлерінің бірі.
Іріктеу бірнеше маңызды міндеттерді орындайды: дарынды білім алушыларды анықтайды,тәжірибе алмасуға жағдай жасайды, жеке және кәсіби өсуді ынталандырады.
Теориялық және практикалық кезеңдерді бағалау балдық жүйе бойынша жүргізілді. Әрбір операцияны орындағаннан кейін қазылар алқасы нәтижелерді бағалау парағына енгізе отырып, орындалған жұмысты бағалады.
Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі «Кәсіби ашық алаң» іс-шарасында теміржол аймағы бойынша қатысып, әлеуметтік серіктестермен бірге өз тәжірибелерін ұсынды.
В рамках областного мероприятия «Профессиональная открытая площадка» с участием организаций профессионального и технического образования, предприятий и рабочих специалистов Актюбинский колледж транспорта, связи и новых технологий продемонстрировал свой опыт работы с современными технологиями по специальностям. В рамках мероприятия директор колледжа Нургалиев Е.Г. подписал меморандумы с директором АО «ВагонСервис» Маратовым А.М., директором «Объединение дивизион сеть филиала АО Казахтелеком» Жумабаевым Н.Д. с целью совершенствования взаимодействия между предприятиями и колледжем, укрепления связей бизнеса и профессионального образования. Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі «Кәсіби ашық алаң» іс-шарасында теміржол аймағы бойынша қатысып, әлеуметтік серіктестермен бірге өз тәжірибелерін ұсынды.
Іс-шарада облыс әкімі Асхат Шахаров колледждің кәсіби мамандар даярлаудағы жұмысымен танысты.
Қатысушыларға студенттер мамандықтарының қыр-сырын нақты тәжірибе жүзінде көрсетіп, кәсіби шеберліктерін танытты.
Актюбинский колледж транспорта, связи и новых технологий принял участие в мероприятии «Профессиональная открытая площадка» по железнодорожной зоне и представил свою работу с социальными партнерами.
На мероприятии аким области Асхат Шахаров ознакомился с работой колледжа по подготовке специалистов.
Участникам профессиональной открытой площадки студенты колледжа продемонстрировали свое профессиональное мастерство, продемонстрировав на практике тонкости своей профессии.
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері




Ақпараттық - аналитикалық талдау







Үздік студенттер






