АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
“Aktobe IT Hub” базасында “Astana IT University”, “Қазақстан инжиниринг” ҒЗО “ ЖШС, “KazRobotics” Федерациясының ұйымдастыруымен, Caravan of Knowledge және “Drone.KZ” ЖШС қолдауымен “AITU KazRoboDrone 2.0” дрондарды симулятора ұшыру халықаралық конкурсыны
2025 жылғы 5 сәуірде “Aktobe IT Hub” базасында “Astana IT University”, “Қазақстан инжиниринг” ҒЗО “ ЖШС, “KazRobotics” Федерациясының ұйымдастыруымен, Caravan of Knowledge және “Drone.KZ” ЖШС қолдауымен “AITU KazRoboDrone 2.0” дрондарды симулятора ұшыру халықаралық конкурсының іріктеу турнирі өтті.
Конкурсқа оқушы, студент, педагог санаттары бойынша 30 қатысушы бақ сынады. Колледж атынан оқытушы Самат Айдарбек Саматұлы, студенттер Вячеслав Ернур Тимурұлы, Юрьев Давид Сергеевич, Тукашев Марк Маликович және Джалиманов Кайрат Азаматович қатысты. Астана қаласында өтетін халықаралық турниріне Джалиманов Кайрат Азаматович жолдама алды. Жеңімпаз атанған сутденттерді құттықтаймыз және оларға сәттілік пен жаңа жеңіс тілейміз!
"Қадам-life" облыстық кәсіби бағдар беру жобасы
"Қадам-life" облыстық кәсіби бағдар беру жобасы аясында ағымдағы жылдың 3 сәуірінде №22 жалпы білім беретін орта мектебіне Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледж директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Альсуйеуов О.С; кәсіби бағдар беру жетекшісі Ожанова Қ.Қ ; арнайы пән оқытушысы Избасарова Э.Р және колледж студенттері жұмысшы мамандықтарын насихаттау мақсатында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп, оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдауда бағыт-бағдар берілді. Сондай-ақ мектеп әкімшілгімен өзара ынтымақтастық келісімге қол қойылды.
БОЛАШАҚ ТЕМІРЖОЛШЫЛАР МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін “Тасымалды ұйымдастыру және автоматика” бөлімінің ұйымдастыруымен “Мерейлі теміржолшы отбасы” іс-шарасы өткізілді.
Қаламызда ұрпақтан-ұрпаққа отбасылық құндылықтарды насихаттап, жоғары кәсіби мамандар әзірлеуге үлкен үлес қосып отырған еңбек әулеттері баршылық. Солардың бірі-үшінші буыны теміржол саласында еңбек етіп жүрген Қонқаев және Абуовтер әулеті.
Кездесуге келген қонақтар Э-15 тобының студенті Ғалымов Ақсұлтанның атасы, темір жол саласында 30 жыл еңбек еткен ардагер Қонқаев Ғалым мен Э-31 тобының студенті Қайыр Албинаның әкесі “Болат жол” фирмасының вагон шаруашылығы қызметкері Ақылбек Абуов, кәсіби білім мен адал еңбек, жетістіктерге жеткізетінін, темір жол саласы темірдей тәртіп, төзімділік пен жігерді талап ететіндігін айтып, болашақ теміржолшыларға батасын берді.
Ұлттық дәстүрді сақтаған, ата кәсіпті жалғастырған берекелі теміржолшылар әулетінің өнегесі болашақ теміржолшы жастарға қашанда үлгі.
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері




Ақпараттық - аналитикалық талдау







Үздік студенттер






