АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
№41-мектеп гимназиясына кәсіптік бағдар беру бойынша 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізіп, оқушыларға колледжде оқытылатын мамандықтар, олардың маңызы, артықшылықтары бойынша ақпараттар беріліп, буклеттер таратылды.
Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің арнайы пән оқытушысы Бердигалиева Г.Н Фариза Оңғарсынова атындағы №41-мектеп гимназиясына кәсіптік бағдар беру бойынша 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізіп, оқушыларға колледжде оқытылатын мамандықтар, олардың маңызы, артықшылықтары бойынша ақпараттар беріліп, буклеттер таратылды.
«Локомотивті басқару», және «Жылжымалы құрамды жөндеу слесарі» Ақтөбе локомотив жөндеу депосы өндірістік кәсіпорнында ,құзыретіліктері бойынша «WorldSkills Aktobe – 2025» өңірлік чемпионаты өтті.
2025 жылдың 12-13 маусымда Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің базасында «Локомотивті басқару», және «Жылжымалы құрамды жөндеу слесарі» Ақтөбе локомотив жөндеу депосы өндірістік кәсіпорнында ,құзыретіліктері бойынша «WorldSkills Aktobe – 2025» өңірлік чемпионаты өтті.
Чемпионатқа қатысу үшін келесі колледждер ниет білдірді: Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі; Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі; ALT «Ақтөбе гуманитарлық – техникалық колледжі» ЖШС; Әйтеке би көпсалалы колледжі; Қандыағаш өнеркәсіптік – экономикалық колледжі; Шалқар көпсалалы колледжі.
Қатысушылар мамандық бойынша теориялық білімдерін және тәжірибелік дағдыларын көрсетті. Чемпионатты өткізу барысында «Торвест-М», «Жылжымалы құрамның тежегіш жабдығы» тренажерлық кешендері және Локомотив жөндеу депосының «Электр қондырғыларын жөндеу бөлімшесінің» жабдықтары қолданылды. Бас сарапшылар ретінде өндірістік кәсіпорындардан тәжірибелі мамандар тартылды.
Чемпионатқа қатысушылар бәсекеге қабілетті жағдайда өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсете алды. Чемпионат аяқталғаннан кейін компатриоттар және қатысушылар жақсы пікірлерін білдірді.
*Біздің колледж – спортта да көшбасшы!*
2025 жылдың 13 мамыр күні өткен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлері арасында облыстық спартакиадасында Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі жалпы командалық есепте жүлделі 1 орын иеленді.
Облыстық спартакиадаға 24 колледжден 500-ден астам педагогтер мен қызметкерлер қатысып, волейбол, баскетбол, шағын футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, асық ату және бес асық сияқты спорт түрлері бойынша өзара бақ сынасты.
Спартакиада қорытындысы бойынша колледжіміз келесі нәтижелерге қол жеткізді:
• Асық ату – І орын
• Волейбол (ерлер) – ІІ орын
• Шағын футбол – ІІ орын
• Тоғызқұмалақ – ІІІ орын
• Баскетбол – IV орын
• Бес асық – IV орын
• Үстел теннисі – V орын
• Волейбол (қыздар) – VI орын
Жалпыкомандалық жоғары көрсеткішіміздің нәтижесінде колледжіміз Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымы тарапынан қаржылай сыйақымен марапатталды.
Бұл жеңіс – ұжымымыздың ұйымшылдығы мен спортқа деген жоғары қызығушылығының айқын дәлелі. Колледжіміз алдағы уақытта да тек білім мен тәрбие саласында ғана емес, сонымен қатар бұқаралық спортты дамытуда да белсенділік таныта береді.
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері




Ақпараттық - аналитикалық талдау







Үздік студенттер






