АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
«Цифрлық және шығармашылық технологиялар матрицасы» тақырыбында облыстық шебер-класс өтті.
20 – ақпан күні Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінде Облыстық әдістемелік орталығымен бірлескен «Цифрлық және шығармашылық технологиялар матрицасы» тақырыбында облыстық шебер-класс өтті. Шебер-классқа облыстық ТжКБ ұйымдарының педагогтері қатысты.
Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің педагог-шебер және жоғары санатты оқытушылары баяндама, шебер-класс, тренингтер өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Шебер – класс нәтижесіне қатысушы қонақтар жақсы лебіздерін білдіріп, қорытынды жасалды. Шараға ат салысқан педагогтерге Алғыс хаттар табысталды.
«Ұлттық құндылықтарды оқу процесіне енгізу механизмі» тақырыбындағы облыстық семинар өткізілді.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған «Ұлттық құндылықтарды оқу процесіне енгізу механизмі» тақырыбындағы облыстық семинар онлайн форматында 16 ақпан күні Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің базасында өткізілді.
Сминар мақсаты: Сан ғасырлар бойы сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды оқу процесіне енгізу арқылы тұнып тұрған рухани байлығымызбен өскелең ұрпағымызды сусындатуға бағыттау.
Семинардың өткізілу барысында төмендегі ұстаздар өз тәжірибелерімен төмендегі тақырыптарда бөлісті:
Рамазанов Марат Куангалиевич – директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары.
Тақырыбы: «Оқу үдерісінде ұлттық құндылықтардың ерекшелігі».
Кадирова Жанар Жаксылыковна- арнайы пәндер бойынша педагог-сарапшы.
Тақырыбы: « Кәсіби маман даярлауда ұлттық құндылықтарды енгізудің маңыздылығы».
Жалмагамбетова Гулзада Ажимбаевна - арнайы пәндер бойынша педагог-сарапшы.
Тақырыбы: «Ұлттық құндылықтың механизмі - рухани ұстаз».
Нургалиева Айнур Талгатовна- арнайы пән оқытушысы.
Тақырыбы: «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы».
Награждение победителей в конкурсе
Сегодня в читальном зале колледжа прошло награждение победителей в конкурсе «Самая читающая группа», это группы Т-11, АСУ-15, Э-11, а так же наградили победителей в конкурсе видеороликов «Книга в моем доме». Данные конкурсы проводились в рамках концепции «Читающий колледж».
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері




Ақпараттық - аналитикалық талдау







Үздік студенттер






