АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
Аналар күніне арналған сынып сағаты өтті
13 мамыр күні Асу -11 тобында жоспарға сәйкес Аналар күніне арналған сынып сағаты өтті. Студенттерге әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Студенттер өз аналарымен мақтаным ойларымен бөлісті.
“Механизмдер Әлемі” атты викторина өткізілді
“Тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару” бірлестігінің апталық аясында 3 курс студенттер арасында “ Механизмдер Әлемі” атты викторина өткізілді.Викторина, студенттердің фантазияларын жаттықтырады,шап шаң ойлау, есте сақтау қасиеттерін дамытады. Викторина кезінде студенттер белсенді қатысып, білімдерін көрсетті.
Колледж жастары Әлиятанушы Ғалымжан Байдербесті еске алып құрмет көрсетті
Бүгін колледжімізде өмірінің 40 жылдан астам уақытын даңқты жерлесіміз Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың өмірін зерттеп, жас ұрпаққа ерлік өмір жолын насихаттап патриоттық тәрбие беруде өлешусіз еңбек сіңірген, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Ақтөбе облысының Құрметті азаматы, Ғалымжан Байдербесті еске алу шарасы өтті.
«Ерліктің шырақшысы» тақырыбындағы шараға Ғ. Байдербестің ұрпақтары жолдастары шәкірттері, Еңбек ардагері медалінің иегері, зейнеткер Сағынай Құсайынов, Ер-Бақыт спорттық патриоттық клубының төрағасы Марат Қойлыбаев, Әлия облыстық патриоттық орталығы басшысы Бағдаш Төпенова, Облыстық халық шығармашылығы орталығы, Әдеп халықтық тобының көркемдік жетекшісі Қуанышгүл Серікбаева, қызы Ақмарал Байдербес, колледж студенттері қатысты.
Жиналғандар алдымен колледж мұражайындағы Ғалымжан Ермағамбетұлының кітаптары, фото суреттерінен жасақталған бұрышты тамашалады. Салтанат залында өткен іс-шарада кітапхана меңгерушісі Гүлнар Нәсенқызы Ғ. Байдербестің кітаптарына шолу жасап, Марат Айтуғанұлы жастарға рухты, жігерлі, намысты болуға үндеді.
Педагог-ұйымдастырушы Бекзат Каумешов, Ғалымжан Байдербестің Әлияның ізбасарларына арнау өлеңін оқыса, «Әкеміз бар өмірін жастарға патриоттық тәрбие беруге, аялуы Әлия апамыздың өмірін зерттеуге арнады, осы шарада біз бен бірге отырғандай күйдемін»деп, толқынысын білдірген Ақмарал Ғалымжанқызы әкесінің есімін ұлықтағандары үшін жиналғандарға алғысын білдірді.
Еңбек пен ерліктің ешқашан ұмытылмайтынын көрсеткен әдемі шара болды.
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері




Ақпараттық - аналитикалық талдау







Үздік студенттер






