АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕР АКЦИЯҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ
Студенттер күні қарсаңында Ақтөбеде 200-ге жуық есірткі жарнамасы жойылды
17 қараша – халықаралық студенттер күніне байланысты Ақтөбеде «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы өткізілді. Жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастыруымен және полиция қызметкерлерінің қатысуымен өткізілген шаралар 150-ден астам жастың басын қосты.
«Нашақорлыққа жол жоқ» акциясына жоғары және арнаулы оқу орнының студенттері,еріктілер, жастар ұйымдарының өкілдері қатысып, олар полиция қызметкерлерімен бірге Ақтөбе қаласында ғимараттарға жазылған есірткі жарнамаларын жою жойды.
Салауатты өмір салтын насихаттау, қоғам кеселінің жолын кесу мақсатында өткізілген шаралар барысында полиция қызметкерлері жастарға қоғам дертіне айналып отырған есірткінің алдын алу туралы айтып, жаман әдеттер мен жағымсыз қылықтардан аулақ болуға, биік мақсаттарға ұмтылуға шақырды.
ӘРІПТЕСПЕН СТУДЕНТТЕРІМІЗДІҢ МАРАПАТЫ
Бүгін қаламыздағы студенттер үйінде студенттік құрылыс отрядтары және “Жасыл ел” жастар еңбек жасақтарының XX еңбек маусымының жабылуы салтанаты өтті.
Салтанатты мерекені алғы сөзімен ашқан Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Нұрланұлы Батырхан еңбекшіл жастарды еңбек маусымының табысты аяқталуымен құттықтап бірқатар белсенді еңбек еткен студенттерді әртүрлі номинациялармен марапаттады.
Марапаттау барысында
«Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының ХХ еңбек маусымының
«ҮЗДІК КОМАНДИР»
номинациясы бойынша жеңімпазы болып колледжіміздің 3 курс студенті
Уринбасаров Бекнур марапатталса
“Жасыл ел” еңбек жасақтарының қатарында белсенділік танытып, туған өлкемізді көгалдандыру мен абаттандыруға қосқан үлесі үшін колледжіміздің еңбекқор студенттері Дюсен Дастан, Султангалиев Аян,
Таупик Аслан,
Сагинаев Арсен Астана қаласына жолдама сертификаттарын иеленді.
Колледж педагог- ұйымдастырушы қызметкері Бекзат Каумешов Ақтөбе облысының экологиясына, жастарды жұмыспен қамту игі ісіне, таза қала науқанының дамуына атсалысып, аянбай тер төккен еңбек жасағының жанашыры жиырма жылдық мерейтойға орай “20 жыл JASYL EL AQTOBE OBLYSY” төсбелгісімен марапатталды.
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері




Ақпараттық - аналитикалық талдау







Үздік студенттер






