АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
Торвест-М тренажер кешенінде маневрлік жұмыстар кезінде тепловозды және құрамды басқару бойынша практикалық жаттығулар өткізілді
8-21 қараша аралығында Т-31 тобының студенттері оқу тәжірибеден өтті - ОН8.3. Пойыз қозғалысында локомотивті ұтымды пайдалануға және электр энергиясымен отынның экономикалық шығындарына байланысты мәселелерді талдау. Оқу тәжірибесінен өту кезінде қозғалыс жылдамдығына байланысты үдеткіш күштердің әсерін анықтау, тежегіш күштердің әсерін және құрамның массасын анықтау бойынша есептеулер жүргізілді. Қозғалыс жылдамдығын реттеу; отын, майлау, электр энергиясын үнемдеу жолдары қарастырылды. Торвест-М тренажер кешенінде маневрлік жұмыстар кезінде тепловозды және құрамды басқару бойынша практикалық жаттығулар өткізілді. Тәжірибе жетекшісі Нурмышев К.К.
“Халықаралық студенттер күні” орай студенттер арасында теннистен жарыс ұйымдастырылды
Колледж жатақханасында Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен 17 қараша “Халықаралық студенттер күні” орай студенттер арасында теннистен жарыс ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар: Себепбаев А, Маханов Д.
МЕРГЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАР БАҚ СЫНАДЫ
Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінде “Ақтөбе-Дарын”
өңірлік ғылыми-тәжірибелік
қосымша білім беру орталығымен бірлесе техникалық және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында “Мерген ару-2024”, “Мерген сарбаз-2024” пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату жарысы өткізілді.
Екі күнге созылған сайысқа облыс және қаламыздағы 17 колледжден 17 әскери жетекші, 4 төреші, 85 қызбала және 34 ер бала қатысты.
Әскери спорттық, патриоттық тәрбие беруді, саяси мәдениетті насихаттау, жастарды Отан қорғауға дайындау мақсатындағы жарысқа арнайы шақырылған қонақтар бас төреші Ақтөбе қаласы, білім бөлімі BILIM-QAZYNA коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әскери дайындық және азаматтық қорғаныс саласының маманы запастағы капитан Сраж Серік Аманжолұлы, №55 орта мектеп- гимназия Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Садықов Асқар Умиртайулы, №42 орта мектеп Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Үмбеталин Асқар Бабырашұлы, Ақтөбе-Дарын”
өңірлік ғылыми-тәжірибелік
қосымша білім беру орталығы әдіскері Имағамбетов Манас Адайбекұлы, колледж басшысының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Абельпеисова Бақытгүл Хабдығалиқызы жарысқа қатысушы білім алушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
Сайыс қорытындысында жеңіпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар мен алғыс хаттар салтанатты табысталды.
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері




Ақпараттық - аналитикалық талдау







Үздік студенттер






