АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
“Оқуға құштар колледж” жобасы аясында кітап оқуды насихаттауға арналған “Адамдар оқуды тастаған кезде ойлардан қалады” тақырыбында кітапханалық квилт өтті
Бүгін, колледж кітапханасы ұжымы мен А-11 топ жетекшісі Г. Б. Кенжебекованың ұйымдастыруымен “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында кітап оқуды насихаттауға арналған “Адамдар оқуды тастаған кезде ойлардан қалады” тақырыбында кітапханалық квилт өтті. 📒Іс-шараны өткізу барысында білім алушыларға”Техник-электромеханик” мамандығы бойынша “Еңбеккер бейнесінде - техник электромеханик” атты кітап көрмесі ұсынылып, шолу жасалды. Олар кітап оқуға деген қызығушылықтарын көрсете отырып, құрметтерін жеткізді. Өз ойларын жапсырма қағазға жазып қалдырды. 📗Кітап оқудың пайдасы туралы кеңестер айтылып, мамандықтар туралы мағлұматтар берілді. Квилт тақтасы, оған қойылған түрлі түсті жапсырма қағаздар, іс-шараға көрік берді.
Халықаралық сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес күніне орай «Біз жемқорлыққа қарысымыз!» тақырыбында шығармашылық байқау өткізілді
Бүгін, колледж конференцы залында 9 желтоқсан- Халықаралық сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес күніне орай «Біз жемқорлыққа қарысымыз!» тақырыбында А-15, М-15,Т-15,Э-15 топ білім алушылары арасында шығармашылық байқау өткізілді.
«Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға қатысқан.
“Жаратылыстану“, “Әлеуметтік пәндер”, “Тілдер” пәні бірлестіктерінің “Жаңа Қазақстанның жарқын болашағы-ұлттық мүдде” атты онкүндігінің ашылу салтанаты өтті
Бүгін 9-шы желтоқсан “Жаратылыстану“, “Әлеуметтік пәндер”, “Тілдер” пәні бірлестіктерінің “Жаңа Қазақстанның жарқын болашағы-ұлттық мүдде” атты онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына студенттер мен ұстаздар қатысты. Студенттер дайындалған викториналық сұрақтарға белсене қатысып, керемет көріністің куәсі болды. Онкүндік желтоқсан айының 9-20 аралығында жалғасады. Ашылу салтанантына жауапты оқытушылар: Сахитова М. А, Көшербаева А. Б, Серикбаева А. М.
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері




Ақпараттық - аналитикалық талдау







Үздік студенттер






