2025 жылдың 12-13 маусымда Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің базасында «Локомотивті басқару», және «Жылжымалы құрамды жөндеу слесарі» Ақтөбе локомотив жөндеу депосы өндірістік кәсіпорнында ,құзыретіліктері бойынша «WorldSkills Aktobe – 2025» өңірлік чемпионаты өтті.
Чемпионатқа қатысу үшін келесі колледждер ниет білдірді: Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі; Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі; ALT «Ақтөбе гуманитарлық – техникалық колледжі» ЖШС; Әйтеке би көпсалалы колледжі; Қандыағаш өнеркәсіптік – экономикалық колледжі; Шалқар көпсалалы колледжі.
Қатысушылар мамандық бойынша теориялық білімдерін және тәжірибелік дағдыларын көрсетті. Чемпионатты өткізу барысында «Торвест-М», «Жылжымалы құрамның тежегіш жабдығы» тренажерлық кешендері және Локомотив жөндеу депосының «Электр қондырғыларын жөндеу бөлімшесінің» жабдықтары қолданылды. Бас сарапшылар ретінде өндірістік кәсіпорындардан тәжірибелі мамандар тартылды.
Чемпионатқа қатысушылар бәсекеге қабілетті жағдайда өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсете алды. Чемпионат аяқталғаннан кейін компатриоттар және қатысушылар жақсы пікірлерін білдірді.
AKTOBE COLLEGE OF TRANSPORT,
COMMUNICATIONS AND NEW TECHNOLOGIES
МЕНЮ
«Локомотивті басқару», және «Жылжымалы құрамды жөндеу слесарі» Ақтөбе локомотив жөндеу депосы өндірістік кәсіпорнында ,құзыретіліктері бойынша «WorldSkills Aktobe – 2025» өңірлік чемпионаты өтті.
Honorary workers of Education of the Republic of Kazakhstan
Information and analytical analysis
The best students
website author: Idrissov K.ZH.







