On/Off images Font A A A Background Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN
МЕНЮ

Бүгін 07.03.2025 ж. Ақтөбе көлік,байланыс және жаңа технологиялар колледжі ер азаматары әріптес аруларды 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күнімен мерекесімен құттықтап концерттік бағдарламасын ұсынды.
Колледж мәжіліс залы алдынан әріптес аруларды жігіттер салтанатпен күтіп алып, қызғалдақтарын сыйлап құрметпен орындарына жайғастырды.
Мерекелік кешті құттықтау сөзімен ашқан колледж директоры Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ақтөбе облысының құрметті ұстазы Нұрғалиев Ералы Ғұбайұлы әріптес аруларды көктемдегі әдемі мерекелерімен құттықтап «AMANAT» партиясы қалалық филиалының және биылғы жылы жұмысшы мамандықтар жылына орай өткізілген Республикалық және облыстық «Жұмысшылар қалашығы» фестваліне белсенді қатысқан және шаруашылық бөлімінде тынбай еңбек етіп жүрген нәзік жанды әріптестерге қаржылай сертификаттар табыстап алғыс хаттармен марапаттады.
Әсем сазды әуенді әндерін, поэзиялық өлең жолдарын арнаған колледж жігіттері мерекелік кешті думанға бөлеп, әріптестерімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Құрметті білім алушыларымыздың аналары, ұжым арулары, сіздерді 8 Наурыз-Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Әрқашан гүлдей жайнап, көктемдей құлпырып жүре беріңіздер!

Honorary workers of Education of the Republic of Kazakhstan

Information and analytical analysis

The best students

Who is on the site

We have 230 guests and no members online

статистика

Users
3
Articles
493
Articles View Hits
407722

Copyright

Copyright © 2025 AKTOBE COLLEGE OF TRANSPORT, COMMUNICATIONS AND NEW TECHNOLOGIES. All Rights Reserved.
Joomla! is Free Software released under the GNU General Public License.
© 2025 AKTOBE COLLEGE OF TRANSPORT, COMMUNICATIONS AND NEW TECHNOLOGIES
website author: Idrissov K.ZH.